ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 253 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазан № 409-1 БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары 1. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары аумағында рұқсатнамалар беру жөніндегі ережелер (бұдан әрi - Ережелер)»Мемлекеттік шекара туралы»,»Қазақстан Республикасының кедендiк iсi туралы«,»Жемқорлыққа қарсы күрес туралы«заңдардың ережелерiн ИКАО тәжiрибесiмен ұсынылған стандарттарды «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасының авиациялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығын және «Терроризм мен экстремизм көріністерiн ескерту және жою жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы Жарлығын іске асыру мақсатында әзiрлендi. Осы Ережелер азаматтық авиация қауiпсiздiгiн заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптар мен тәртіпті белгілейді және Қазақстан Республикасындағы халықаралық әуежайларда рұқсатнамалық және объектiішiлiк тәртiптi қамтамасыз етуге бағытталады. Ережелер әуежайлардың, кеден, шекаралық және басқа да қызметтердің, авиакомпаниялардың, ұйымдардың, мекемелердiң жұмысшылары мен қызметкерлерiне, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер басшылары мен авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жұмысшыларына қол қойылып жеткiзіледi. 1) әуежай объектiсiне, жолаушыларды, жүктердi және әуе кемесiн шекаралық және кедендік ресімдеу аймағына бөгде адамдардың кіруiн болдырмауды; 2) адамдар мен көлiк құралдарының шекаралық және кедендiк ресiмдеу аумағына (аумағынан), әуежай объектілерiне кiргенде (шыққанда) тәртiп сақтауды; 3) әуежай аумағындағы кедендік бақылау аймағында заңнаманы қолдану; 4) шекаралық және бақылау-өткізу бекеттерiнде шекаралық және рұқсатнамалық тәртiптi қадағалауды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|