|
|
|
Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысымен мақұлданған Кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасы бекітілсін. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1746 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті Қазақстан Республикасының Кеден қызметін реформалау Бағдарламасы Қазақстан Республикасының Кеден қызметін реформалау бағдарламасы 1. Бағдарламаның төлқұжаты Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалаудың мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-ға қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді. Реформалауды жүргізудің кезеңдері 1 кезең - ұйымдастыру. Реформалауды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық тетіктерін қалыптастыру (2000 ж.). 2 кезең - жобалау. Диагностика мен жүйелік талдау, жекелеген кеден мекемелерінде эксперимент жүргізу. Түрлі деңгейлеріндегі кеден жүйелерін реформалаудың мақсатты бағдарламаларын әзірлеу (2001 ж.). 3 кезең - іске асыру. Бүкіл жүйе бойынша кеден қызметін реформалаудың бағдарламасын қалыптастыру және іске асыру. Ақпараттық-талдау жүйесі мен кедендік технологиялардың банкін құру. 2. Кіріспе 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда және кеден органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында мынадай міндеттерді: 1) сыртқы экономикалық қызметті (бұдан әрі - СЭҚ) мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға және Қазақстан Республикасының мүддесінде кеден саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал етеді, елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 2) Елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің неғұрлым толық түсуін қамтамасыз етуді, тауарлардың бақылаусыз әкелінуін/әкетілуін шектеуді; 3) кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті тауарлардың контрабандасына, заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз етуді; 4) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге қабілетті қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың қажеттілігі туындап отыр. Талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кеден органдарының алдына қойған бұл міндеттер аталған Бағдарламаны дайындауды талап етті. Осы Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасы Үкіметтің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.3.1.8, 3.3.1.9-тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.2.8-тармақшасына сәйкес дайындалды. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысымен, ХВҚ-ның ұсынымымен мақұлданған Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізінде әзірленді. Аталған Бағдарламаны 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейін іске асыру белгіленіп отыр. 3. Проблемалардың қазіргі кездегі жәй-күйіне талдау 2. Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылаулық және фискалдық функцияларды орындайды. 3. Қазіргі заманғы кеден жүйесінің негізгі кемшіліктері: 1) жүйенің ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі; 2) жалпы басқару жүйесін қалыптастырудың аяқталмауы; 3) заңдар базасының жетілдірілмеуі; 4) кеден ісі саласындағы контрабанда мен қылмыстарға қарсы күрестің жеткілікті мөлшердегі тиімді шараларының болмауы; 5) кеденшіні әлеуметтік қорғау мәселелері кешенінің шешілмеуі, кәсіби кадрлардың жетіспеуі; 6) жеткіліксіз материалдық-техникалық база болып табылады. Мұның бәрі шешетін міндеттер мен сыртқы экономикалық қызметтің әр түрлілігіне қайшы келеді, СЭҚ-ға қатысушыларға кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігіне нұқсан келтіреді, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыруда проблема туғызады, кедендік ережелердің бұзылуына және кеден қызметі саласындағы қылмыс санының артуына әкеп соқтырады. 4. Осы айтылғандар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалаудың негізгі мақсаты: 1) Қазақстан Республикасында кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың; 2) сыртқы экономикалық қызметті пәрменді бақылау функцияларын кедендік әдістермен іске асырудың; 3) мемлекеттік құқық қорғау функцияларын жүзеге асыру кезінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру болып табылады. Реформаларды табысты жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың тиісті ресурстары мен көздері қажет. Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалауды қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражат бөлуді, республиканың кеден қызметінің реформалаудың жүргізілуіне мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тартуды білдіреді. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Кеден қызметін реформалаудың негізгі қағидаттары кеден қызметінің жиынтықтылығы мен жүйелілігі, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік аспектілерінің бірлігі мен өзара байланысы болып табылады. 6. Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалаудың басымдықты бағыттары мен негізгі міндеттері: 1) кеден органдары қызметінің заңнамалық және құқықтық базасын одан әрі жетілдіру; 2) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің біртұтастығы; 3) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеудің экономикалық шараларының басымдығы; 4) мемлекеттің және оның органдарының сыртқы сауда қызметіне қисынсыз араласуын болдырмау; 5) кеден қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз етудің методологиялық негіздері мен ғылыми-қолданбалы әдістерін әзірлеу, басқару функцияларының қайталануы мен қосарлануын жою мақсатында орталық басқару органдарын қайта ұйымдастыру; 6) кедендік құрылымдар мен инфрақұрылымдарды дамыту, оларды тауар және жолаушылар ағынының өзгеріп отыратын көлемдері мен номенклатурасына бейімдеу; 7) кедендік бақылау мен ресімдеудің технологияларын жетілдіру, кедендік рәсімдерді бірдейлендіру және стандарттау, кеден органдарын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен, сондай-ақ телекоммуникациялар мен байланыстың тиімді құралдарымен қамтамасыз ету; 8) кедендік статистиканың дұрыс деректерін қалыптастыру; 9) басқарушылық шешімдерді жедел дайындау үшін қазіргі заманғы сандық әдістермен, ақпараттық базамен және технологиялармен жарақтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру, кеден қызметіне ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; 10) кадр саясатын одан әрі жетілдіру, құрылым мен штат санын оңтайландыру; 11) бағалық және валюталық бақылаудың тиімді тетігін әзірлеу; сыртқы сауда қызметін реттеуде бірыңғай қадамды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдарының Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимылын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу; 12) кеден жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігі 7. Кедендік ресімдеу және бақылау процестерін компьютерлендіру мен автоматтандыру саласында. Қазақстан Республикасы кеден қызметінің жұмысын автоматтандырудың қажеттігі республика егемендігін алғаннан кейін Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа кіруіне байланысты пайда болды. Кеден қызметін автоматтандыру жөніндегі бастапқы іс-шаралар 1995 жылы басталды. 1997 жылғы 4 наурызды Қазақстан Республикасы Кеден қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ҚР КҚ БААЖ) құру көзделген, 5 жылғы есептелген даму бағдарламасы бойынша республиканың кеден органдарын автоматтандыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 294а қаулысы қабылданды. ҚР КҚ БААЖ-ны құрудың шеңберінде өткен кезеңде орталық кеден органын облыстық басқармалармен және кедендермен біріктірген on/off-line режимінде ақпараттық пакеттер алмасудың республикалық жүйесі (бұдан әрі - ҚР КҚ ДАРЖ) жасалды. Кеден органдарын реформалаудың негізгі мақсаты - жаңа ақпараттық технологияларды жетілдірудің және құрудың айғағы ретінде кедендік ресімдеу мен бақылау процестерін компьютерлендіру мен автоматтандыруды енгізу, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы деректердің бірыңғай ауқымды банкін құру. 8. Аталған саладағы бірінші кезекті міндеттер: 1) тауарлар мен көлік құралдары кедендік шекарадан өткен сәттен бастап толық кедендік ресімдеуге дейінгі кедендік ресімдеу және кедендік бақылау процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану; 2) кеден органдарының техникалық базасын жетілдіру және кеңейту; 3) ҚР КҚ БААЖ-інің кең ауқымды қанат жаюы, оны Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық кеңістігіне интеграциялау; 4) негізінде мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте сауда саясатын әзірлейтін ведомстволарға талдамалық және ақпараттық материалдар ұсынылатын кедендік статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету; 5) кеден қызметін автоматтандырудың жаңа жүйелері мен технологияларын әзірлеу; 6) іс-қағаздарын жүргізудің электрондық жүйесі мен қағазсыз технологияға көшу болып табылады. 9. Кеден органдарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының кеден қызметін басқару процесінде пайда болатын проблемаларды ҚР КҚ БААЖ жобасының шеңберінде ақпараттық-талдау жүйесін құру жолымен жеңуге болады. Мұндай жүйенің құру мақсаттарының бірі басқару процестерін автоматтандырудың негізінде кеден органдары қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған талдаулық-болжамдық баға берудің модулін кіргізе отырып "АЖО-Әмбебеп" қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру міндеттері қойылады. 10. Ақпараттық-талдау жүйесінің негізгі міндеттері: 1) кеден органдарының қызметіне жүйелік талдау және жедел диагностика; 2) кеден органдары қызметінің нәтижелерін болжамдау; 3) басқарушылық шешімдердің нұсқаларын дайындау болып табылады. 11. Көрсетілген міндеттерді шешу үшін ақпараттық-талдау жүйесі: 1) кеден органдарының қызметіне жүйелі талдау жасаудың қазіргі заманғы методологиясына; 2) талдау жасаудың, болжамдаудың, оңтайландырудың және шешімдер қабылдаудың сандық әдістеріне; 3) кеден органдары қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесіне; 4) кеден органдарының қызметін талдау мен диагностикалауға және дайындауға арналған ақпараттық базаға ие болуы тиіс. 12. Халықаралық кедендік ынтымақтастық, заң және құқықтық базаларды жетілдіру саласында Сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық базасын жетілдірудің негізгі бағыттары: 1) кеден ісінің заңнамалық базасын Кеден одағының, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық шарттарға, Дүниежүзілік кеден ұйымының, Дүниежүзілік сауда ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес келтіру; 2) таяу және алыс шетелдердің кеден қызметтерімен кедендік-құқықтық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық операциялар мәселелері бойынша жедел ақпараттар, сондай-ақ деректер базасын алмасу; 3) транзиттік тасымалдарды дамытуға ықпал ету; 4) кедендік заңнаманы қолданылуы практикасына талдау жасаудың негізінде оны өзгерту және толықтыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының заң шығару органына енгізу; 5) СЭҚ-ң қатысушыларын құқықтық қорғауды қамтамасыз ету; 6) кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді жүйелендіруді және кодтауды жүргізу болып табылады. 13. Құқық қорғау қызметін құқықтық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері: 1) заңнамалық және ведомство ішілік нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеуді; 2) кеден органдарының жедел іздестіру қызметі жөніндегі нормативтік базаны әзірлеу; 3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың нормативтік құқықтық базасын әзірлеу; 4) Қазақстан Республикасы кеден органдарының өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің құқықтық шараларын әзірлеуді; 5) кеден қызметін кедендік бақылаудың жаңа буынды техникалық құралдарымен жарақтандыруды шешу қажет. 14. Кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың тетігін жетілдіру саласында Кедендік рәсімдерді реформалаудың бірінші кезекті міндеттері: 1) кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және тауарларды босату туралы шешім қабылдау кезінде төменгі тұрған бөлімшелердің жауапкершілігі деңгейін арттыру; 2) кедендік брокерлерді кедендік ресімдеу, процесіне тарту жолымен олардың жауаптылығын күшейту; 3) кедендік рәсімдер мен кедендік құжаттамаларды халықаралық практикада, оның ішінде Қазақстанмен саудаластықта неғұрлым басым салмаққа ие елдерде жалпы қолданылатын рәсімдермен және құжаттармен бірдейлендіру; 4) алдын-ала және мерзімді мәлімдеудің рәсімдерін жетілдіру жолымен тауарларды кедендік ресімдеуді оңайлату; 5) тәуекелдерге талдау жасаудың негізінде кейін бекеттік-кедендік бақылау жүргізу жолымен іріктелген кедендік бақылауды ұйымдастыру; 6) Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік заңнаманың нормаларын біркелкі қолдануын жетілдіру және оны бақылауды арттыру; 7) жеке адамдардың тауарларын, багажын және жеке заттарын кедендік ресімдеудің оңайлатылған схемаларын әзірлеу және енгізу; 8) жеке адамдардың қол жүгі мен багажын "қызыл-жасыл дәліздер" қағидаты бойынша жеделдетілген кедендік ресімдеу жүйесін дамыту; 9) кедендік режимдердің шеңберінде кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тауарларды бірдейлендірудің тәсілдерін жетілдіру; 10) экспортталатын технологияларды ноу-хауды, интеллектуалдық меншік объектілерін кедендік ресімдеу және бақылау рәсімін ұтқырландыру; 11) тауарлардың әкелінуін және кедендік режимдердің пайдаланылуын бақылаудың тиімділігін арттыру шараларын әзірлеу болып табылады. 15. Кеден органдарының фискальдық-экономикалық қызметін жетілдіру саласында Кеден органдарының СЭҚ-ны кедендік-тарифтік реттеудің тетігін одан әрі жетілдіру, кедендік-банктік валюталық жүйені одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары: 1) кедендік баждардың деңгейін бірте-бірте төмендетудің қажеттігін ескере отырып кедендік-тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған талдаулық ұсыныстарды әзірлеу; 2) кедендік төлемдер мен салықтардың есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесін құрудың базасында кедендік-тарифтік реттеу бөлігінде деректерді қалыптастырудың бірыңғай жүйесіне кезең-кезеңмен көшу; 3) кеден органдары мен банктерді біріктіретін ақпараттық желілерді құру; 4) есеп жүргізудің толық автоматтандырылған жүйесі деректерінің базасына негізделген, іріктеп бақылау мен тексерулердің технологиялары; 5) тауарлардың кедендік құнын тиімді бақылаудың тетігін одан әрі жетілдіру; 6) ГАТТ/ДКҰ-ның талаптарына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындаудың және белгілеудің тәртібін іске асыру; 7) тауарлардың шығарылған елдерін айқындай отырып, СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың жіктелуінің дұрыстығын бақылаудың тетігін жетілдіру; 8) тауарларды СЭҚ ТН-ге сәйкес бірдейлендірудің рәсімдерін жетілдіру; 9) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бенефициар елдердің құзыретті органдарымен ұсынылған тауарлардың шығу тегі сертификаттарының дұрыстығын бақылау жөніндегі өзара іс-қимылының тәртібін әзірлеу және іс-жүзінде іске асыру; 10) Қазақстан Республикасының кеден және салық қызметтерінің СЭҚ-ға қатысушылардың кедендік және салықтық заңнамаларды сақтауын бақылау жөніндегі өзара іс-қимылының тетігін әзірлеу және іс-жүзінде іске асыру; 11) Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын немесе Кедендік одақ не екі жақты келісімдер құратын мемлекеттерде шығарылған тауарларды әкелуге тарифтік жеңілдіктер ұсынудың тетігін әзірлеуге қатысу; 12) кедендік төлемдер мен салықтар салынатын тауарлар бойынша экспорттық-импорттық келісім-шарттардың мониторингі; 13) валюталық-банктік кедендік бақылауды жүргізудің нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау қажет болып табылады. 16. Кеден органдарының экономикалық мүдделерді қорғауды күшейту жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары: 1) тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде рұқсат етулік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; 2) экономикалық контрабанда мен кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру; 3) құқық бұзушылықтарды тергеудің әдістемесі мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың тетігін әзірлеу; 4) есірткілердің, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, валюталардың, энергия таратқыштардың заңсыз өткізілуін бақылау жөніндегі шараларды күшейту, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; 5) кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды бірыңғай жедел есеп пен қылмыстық статистикаға кіргізу болып табылады. 17. Кадр жұмысы саласында Бұл саладағы басты міндеттер кеден қызметін басқару жүйесін жетілдіру, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін құрылымдарды құру, кадрларды кәсіби іріктеудің, кәсіби бағыттаудың, даярлаудың және біліктілігін арттырудың тетіктерін жасау болып табылады. Жүйенің ішіндегі бар штат санын тиімді қайта бөлу жолымен кеден органдарының орталық аппаратын күшейту ұйғарылып отыр. Бұл жағдайда кеден органдары басшылығының негізгі міндеті кеден органы қызметшілерінің өз функцияларын орындауы сапасын ұдайы жақсартуына ықпал ететін еңбек жағдайын жасау болуы тиіс. 18. Кадр жұмысын реформалаудың негізгі мақсаттары: 1) кеден жүйесіне кеден органдарының қазіргі заманға мәртебесі мен олардың сыртқы экономикалық қызметтегі роліне сәйкес келетін кадрларды іріктеуді қамтамасыз ету; 2) кеден органдары қызметкерлерінің өздерінің кәсіби мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін неғұрлым көп дәрежеде іске асыруы мүмкіндігін қамтамасыз ету; 3) оқу процесінде ақпараттық технологияларды, оқытудың игерілген модульдік жүйелерін пайдаланудың, оқу процесіне оқытудың белсенді және ара қашықтық әдістерін енгізудің негізінде кәсіби даярлау процестерінің тиімділігін арттыру болып табылады. 19. Кадр жүйесін реформалау барысында шешілуі тиіс маңызды проблемалар: 1) кеден органдарында қызмет атқарудың қазіргі заманғы құқықтық негізін құру; 2) кеденшілер мен олардың отбасы мүшелері тұрмысының материалдық тіршілігі деңгейін арттыруды, әлеуметтік, құқықтық және басқа да кепілдіктерді кеңейтуді қамтитын кадрлық қызметтің дәлелдендірілген жүйесін әзірлеу; 3) кеден қызметінде кәсіби және лауазымдық өсуді, тегін оқытуды, жеке басының қауіпсіздігі кепілдігін және басқаларды қамтамасыз ететін құқықтық реттеу мен құқықтық кепілдіктердің жүйесін әзірлеу; 4) кеден қызметіндегі ұйымдастырушылық-штаттық жұмыстың оралымды, ғылыми негізделген жүйесін құру; 5) резервтер мен жұмысқа жаңа қадамдардың негізінде кадрларды қызмет бойынша жоспарлы ауыстырудың, жеке құрамды, оның ішінде басшы буынды даярлаудың және қайта даярлаудың, кеден органдар кадрлар есебінен басқару ақпаратын жаңартудың жүйесін әзірлеу және енгізу; 6) алмастыруды және қызметті вахталық әдіспен атқаруды жүргізу жолымен кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ескертулік шараларды қолдану; 7) қызметкердің орындайтын лауазымдық міндеттеріне кәсіби сай келуінің лауазымдық стандарттар мен нормативтерін әзірлеу; 8) кадрларды даярлау және қайта даярлаудың кадрларды арнаулы орта және жоғары білім базасында оқытуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органы жүйесінің шеңберінде кеден органдарының лауазымды адамдарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге қабілетті жүйесіне көшу; 9) кеден органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметінде заңдылықты, тәртіпті және кадрлардың жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, жедел, тәрбиелеу-алдын алу, идеологиялық шаралардың кешенін әзірлеу және іске асыру; 10) жеке құраммен тәрбие жұмысын кадрлармен жұмыс істеудің функционалдық дербес бағытына бөлу; 11) кадрларды іріктеу, оқыту, бөлу және тәрбиелеу жөніндегі функцияларды неғұрлым нақты және жан-жақты белгілеудің негізінде кадр қызметінің өзін реформалау болып табылады. 20. Кедендік инфрақұрылымдар саласында Жаңа кеден органдары мен мекемелерін құру және жұмыс істеп тұрғандарын қайта ұйымдастыру, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналастыруды оңтайландыру кеден жүйесін реформалаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттағы реформалаудың мақсаты тауарлар мен жолаушылар ағынының өзгермелі көлемдері мен күрделене түсіп отырған құрылымы жағдайларында тауарларды тиімді үзіліссіз және СЭҚ-ға қатысушылар үшін қолайлы кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |