"Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы "Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 240-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Тақырыптағы "Қарау-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге деген сөздер алып тасталып, "экспорттық" деген сөз бас әрiппен жазылсын. 2. Кiрiспе "әскери техникаға" деген сөздерден кейiн ", ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдайы қолданылатын тауарлар мен технологияларға," деген сөздермен толықтырылсын. 3. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады: өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат; екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткізу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат; жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық және ядролық қару; жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзе алатын кез келген техникалық құралдар; қарудың өзге де қауiптi түрлерi - жаппай қырып-жоятын қарудың дәстүрлi емес (әдеттегiге жатпайтын) түрлерi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|