Экспорттық бақылау туралы 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-I (2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2007 жылғы 21 шілдедегі № 300-III ҚР Заңымен күші жойылды
ҚР 24.11.00 ж. № 105-II Заңымен тақырыбы және кіріспесі өзгертілді
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiне, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетiлетiн қызметке экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртібін белгiлейдi. ҚР 24.11.00 ж. № 105-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады: өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат; екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткізу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат; жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық және ядролық қару; жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзе алатын кез келген техникалық құралдар; қарудың өзге де қауiптi түрлерi - жаппай қырып-жоятын қарудың дәстүрлi емес (әдеттегiге жатпайтын) түрлерi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|