Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013.26.04. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.28.01. № 32 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013.26.04. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.28.01. № 32 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|