Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi ҚР ҰБ Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 179 қаулысымен күші жойылды Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын нарықтық бағалауға көшiруге байланысты, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын есеп берушiлiк нысандарын жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы № 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 37) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді: 1. Зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның (олар өздерiнiң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi дербес жүзеге асырған кезде) Ұлттық комиссияға: 1) апта сайын, ағымдағы аптаның бейсенбi күнi алматы уақытымен 16.00 сағаттан кешiктiрмей өткен аптаның сейсенбi күнiнен бастап ағымдағы аптаның дүйсенбi күнiн қоса алғандағы кезеңдегi: осы Қаулының 1-қосымшасындағы үлгi бойынша алғашқы-парақты; осы Қаулының 2-қосымшасындағы үлгi бойынша зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруға қабылданған әрбiр жеке жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша "таза" зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтама (есептi кезеңнiң әрбiр жеке күнтiзбелiк күннiң соңы жағдайы бойынша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|