Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы
2008 ж. 5 шілдедегі № 67-ІV ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң халықаралық iскерлiк операцияларда мемлекеттік кiрiс ысырабын болдырмау үшiн трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау шараларын белгiлейдi.
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдары 1. Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi: 1) бiрдей тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - өздерiне тән басты белгiлерi: физикалық сипаттамалары, сапасы мен рыноктағы өтiмi, шығарылған елi және өндiрушiсi бiрдей тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер); 2) халықаралық iскерлiк операция - тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; 3) бiртектi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - бiрдей болмаса да, бiр-бiрiне ұқсас сипаттағы және ұқсас компоненттерден тұратын, мұның өзi оларға бiрдей мiндеттер атқаруға және бiрiн-бiрi алмастыруға мүмкiндiк беретiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер). Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердiң) бiртектiлiгiн анықтау кезiнде, атап айтқанда, олардың сапасы, тауар таңбасының болуы, рыноктағы өтiмi, шығарылған елi ескерiледi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|