Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1746 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Кеден постыларының құрылысын салу, кеден органдарының инфрақұрылымдары" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|