Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде оқу мақсатымен болуына байланысты мәселелерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 2) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 20 ақпандағы № 259 қаулысымен бекітілген Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже 1. Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының ?кіметi жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шетелдiк азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде оқытылуы мәселелерiн реттейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 3. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары 4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары: 1) оқу кезiнде шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде болуы туралы ақпаратты дайындау және талдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|