|
|
|
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi мемлекеттік комиссия құру туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: Комиссия туралы ереже; Комиссия құрамы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Ескерткiштер мен монументтер Комиссияның ұсынымдары негізінде орнатылады деп белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен; 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергіліктi атқарушы органдарының ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және: 1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткізу; 2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру; 3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру; 4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу; 5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшеріндегі мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегіндегі аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша: 1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге; 2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге; 4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгізу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға; 6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға; 7) Комиссия мүшелерінің мәжілістерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға; 8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгізуге; 9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Комиссияның мәжілістерi қажеттiлiгiне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет Комиссия төрағасы айқындайтын мерзімде өткiзiледi. Комиссия мәжілістерінде орнатылатын ескерткіштер мен монументтер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергіліктi атқарушы органдарының жауапты өкілдері тыңдалады. Комиссия күн тәртібіне сәйкес мәжілістерде ұсыныстарды қарайды және барлық ұсынылған мәселелер бойынша ұсынымдар береді. ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-1, 5-2, 5-3 тармақтарымен толықтырылды 5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 5-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергіліктi атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды. 5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 5-4-тармақпен толықтырылды 5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 5-5-тармақпен толықтырылды 5-5. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. Егер Комиссия мәжілісiнің жұмысына Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi. Комиссияның шешiмдерi мәжіліске қатысып отырған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды 6-1. Комиссия мәжілісі өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттамаларды ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 6-2-тармақпен толықтырылды 6-2. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 6-3-тармақпен толықтырылды 6-3. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173; 2008.28.06. № 643 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды 8. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды 9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 21.11.02 ж. № 1235 (бұр. ред. қара); 31.10.03 ж. № 1083 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.13.09. № 863 (бұр.ред.қара); 2008.28.06. № 643 (бұр.ред.қара); 2009.13.11. № 1834 (бұр. ред. қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара); 2012.03.05. № 569 (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2013.29.04. № 414 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр. ред. қара) құрам жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары, хатшы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының төрағасы (келісім бойынша) мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (келісім бойынша) мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (келісім бойынша) мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (келісім бойынша) сәулетші, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі (келісім бойынша) сәулетші, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі (келісім бойынша) ғылым және Мәдениет мекемелерінің өкілдері, (лауазымы) (келісім бойынша) ғылым және Мәдениет мекемелерінің өкілдері, (лауазымы) (келісім бойынша) өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (келісім бойынша) өнертанушы, Астана қаласының еңбек сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |