Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақта: 6) тармақшадағы "10" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде: - 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей; - 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін."; 2) 2-тармақтағы "есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей" деген сөздер мынадай мерзімдерде: - 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей; - 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын. 3) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: тақырыбындағы "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі" деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын; 4) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 9-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|