|
|
|
"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) бірлесіп: 1) бір апта мерзімде 2000 және 2001 жылдары "Қазақойл" ҰМК шоттарына түскен 55 200 000 (елу бес миллион екі жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы ақшаны "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігі (бұдан әрі - ТШО) мен "Қазақойл" ҰМК арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алу үшін өтемдер төлеуге қатысты Заем туралы шарт бойынша қарыз пайызын өтеу есебіне республикалық бюджеттің кірісіне жіберілуін қамтамасыз етсін. 2) ҚР Үкіметінің 14.12.04 ж. № 1319 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |