Штат санының лимиттерін бекіту туралы Қазақстан ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттері; 2) министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерінің штат санының лимиттері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 қаулысының 1, 2, 3 және 5-тармақтары. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 және 1999 жылғы 8 қазандағы № 1540 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1797 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы. 3. "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарының штат санының лимиттерін өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қарашадағы № 1815 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|