Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасын бекіту ҚР Үкіметінің 08.04.04 ж. № 393 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инновациялық даму Бағдарламасы Астана - 2001 ж. 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ Атауы Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы. Бағдарламаны "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға әзiрлеу үшін арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі негіздеме iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысы. Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәжілісiнде мақұлданған, 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 19 хаттама, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген). Әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі. Бағдарламаның Ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде ел мақсаты экономикасын дамыту үшiн қажеттi шарттар мен қолайлы ортаны құру, теңгерiлген өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және елдiң жалпы ұлттық өнiмiнде шикiзатты құрайтын бөлiктi кезең-кезеңiмен жоғары технологиялық экспорттық өнiммен алмастыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|