Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдалану ережесі; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың есептілігін жасау және бухгалтерлік есебін жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 мамырдағы № 631 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдалану ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдаланудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығымен (бұдан әрi - Жарлық) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесiне сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi - Қор) ақшаны есепке алу тәртібін және Қордың тұрақтандыру әрi жинақтау функцияларын орындауы үшiн оны пайдаланудың тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|