ақпандағы № 54 бұйрығымен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөніндегі 1. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөніндегі осы Ережелер (бұдан әрi - Ережелер) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды алдын ала мәлiмдеудiң тәртібін анықтайды. 2. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу декларанттың Қазақстан Республикасының кедендiк органына тауарлардың жеткiзiлетiн орынға келуiне дейiн отыз күн қалған мерзiмнiң iшiнде мәлiмдеу жасағанда қолданылады. 3. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану үшiн декларант тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кедендiк органына (бұдан әрi - ресiмдеушi кедендiк орган) тауарларды көрсетпестен бұрын 9-тармақта көрсетiлген ерекшелiктер ескерiле отырып, белгiленген тәртiпте толтырылған, әкелiнетiн тауарларға арналған кедендiк жүк мәлiмдемесiн (бұдан әрi - КЖМ) тапсырады. КЖМ кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi әрi жеткiлiктi Кеден iсi туралы Заңның 198-бабында көзделген құжаттармен бiрге берiледi. Бұл орайда кедендiк ресiмдеуге көлiктiк және тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың көшiрмелерi алынуы мүмкiн. Көлiктiк және тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың түпнұсқалары ресiмдеушi кедендiк органға тауарларды көрсету кезiнде берiледi (егер, соңғыларды КЖМ тапсыру кезiнде көрсетуге мүмкiндiк болмағанда). 4. Тауарлар ресiмдеушi кедендiк органға берiлуi тиiс мерзiм КЖМ-дi кедендiк органда тiркеу күнiнен есептеледi. Егер осы мерзiмде тауарлар ресiмдеушi кедендiк органға көрсетiлмесе, КЖМ-нiң күшi жойылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|