Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы "Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетика ресурстарын 2001 жылы пайдалану жөніндегі" 2001 жылғы 19 сәуірдегі келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру және 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының суармалы жерлерін суғаратын сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімияттарымен, тиісті ұйымдармен келісілген 2001 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейінгі кезеңде қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасынан алынатын электр энергиясының және оның есесіне берілетін көмір мен мазуттың көлемдері туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Келісімді орындау жөніндегі операторлар болып Қазақстан тарапынан: 1) оңтүстік аймақтың суармалы жерлерін суғару үшін су беру бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті; 2) Қырғыз Республикасынан жеткізілетін электр энергиясын беру бойынша - "KEGOC" электр тораптарын басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "KEGOC" ААҚ); 3) Бішкек қаласының жылу электр орталығына отындық мазутты жеткізу бойынша - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|