Астана қаласының бас жоспары туралы (2016.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының бас қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 884 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Астана қаласының мәслихаты мақұлдаған қосымшаға сәйкес Астана қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Целиноград қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 17 тамыздағы № 332 қаулысы; 2) «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 194 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2009.28.01 № 73 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 884 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген
Астана қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың мақсаты
Астана қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) қаланың тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында Астана қаласының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады. Бас жоспар: қаланы егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобаларын; перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларды; қаланың инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамыту схемасын; қала маңы кешенінің аумақтарын сақтауды, дамытуды және абаттандыруды; тұрғын үйлерді қайта жаңартуды және өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыруды; қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды дамытуды; туризм және демалыс объектілерін дамыту жоспарын; қала ортасын кешенді абаттандыруды және эстетикалық ұйымдастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|