Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жер қатынастарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.09.03 ж. № 908 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1123 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. "Қызметтік жер үлесіне құқығы бар қызметкерлер санатының" тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 мамырдағы № 634 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 198-құжат): кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2718 өкіміне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметтік жер үлесіне құқығы бар қызметкерлер санатының тізбесінде: 1-тармақтағы "жер пайдалануындағы" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығының 46-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңының 32-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|