|
|
|
Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекіту Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: "Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 23 мамырдағы № 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 198-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 399-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi № 908 қаулысымен бекітілген Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi 1. Қызметтік жер үлесi тәртібімен берiлген учаскелердегi жер қатынастары Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 41-бабына сәйкес реттеледi. 2. Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мынадай санаттарының құқығы бар: 1) темір жол көлiгiнiң желілік қызметкерлерi: жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдерді тексерушiлер, жол айырығындағы кезекшiлер; жол жұмысшылары және құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, жол бригадирлерi, техниктер; жол машиналары мен механизмдердiң механиктерi және механиктердiң көмекшiлерi, автодрезин, мототасығыш жүргiзушiлерi мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ жолдарды ағымдағы ұстаумен және жөндеумен айналысатын автомашиналар жүргiзушiлерi; аға жол шеберлерi, көпiр, жол және тоннель шеберлерi; қорғаныштық орман алқаағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерiнiң шеберлерi, орманшылары, бастықтары, бригадирлерi, бригадир-механиктерi, автомашина жүргiзушiлерi, тракторшылары; кезекшi айырушылар, дабыл берушiлер, машинистер, машинистердiң көмекшiлерi, электромеханиктер, күл шығарушылар, тауар және билет кассирлерi, қож тазалаушылар; локомотив бригадасының демалыс үйлерiнiң және ауысым пункттерiнiң меңгерушiлерi мен кезекшiлерi; түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерi, олардың көмекшiлерi; электрмен жабдықтаудың желілік аудандарының қызметкерлерi; IV және V санаттардағы станциялардың электромеханик-бастықтары; бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушілерi, операторлары, слесарлары; "ПОНАБ" және "ДИСК" аспаптарымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылар; сумен жабдықтау пункттерiнiң қызметкерлерi: сорғы станцияларының шеберлерi, бригадирлерi, слесарлары, автомашиналардың жүргiзушiлерi, электриктep, бульдозершiлер, экскаваторшылар, тракторшылар, ағаш шеберлерi, жабдықтаушылар, газ-электрмен дәнекерлеушiлер, токарьлар, от жағушылар; байланыстық желi аудандарының, тартқыш кiшi станцияларының бастықтары, электромеханиктерi, электромонтерлерi, автомотокөлiк жүргiзушілерi; орталықтандырылған дабыл беру және блоктaу (ОББ) электромеханиктерi; IV және V санаттар станциялары бойынша бастық пен кезекшiлер, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерi; жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттердiң, сауда нүктелерiнiң қызметкерлерi; 2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң желiлiк қызметкерлерi; жол жұмысшылары, жөндеушiлер; көпiр қарауылдары; паромшылар; жол және көпiр шеберлерi; қардан қорғау және сәндiк ағаштар бойынша шеберлер және ағаш питомниктерiнiң қызметкерлерi; 3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi: аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшылары, кеме жағдайын хабарлаушылар; шамшырақтар мен гидротехникалық құрылыстардың қызметкерлерi; 4) мемлекеттік орманды қорғау қызметкерлерi: орманшылар, орман шеберлерi, қорықшылар, аға қорықшылар; орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, аңшылар; орманды күзету, қорғау, молайту және орман өcipу мәселелерiн жүргiзушi барлық санаттағы инженерлер; орман шаруашылығын жүргiзушi ұйымдардың бiрiншi жетекшiлерi мен олардың орынбасарлары; 5) техникалық желi цехтары мен учаскелерiнiң, халықаралық байланыс және теледидар кабельдiк магистралы байланысы желiлiк торабының қызметкерлерi: кабельшi-дәнекерлеушiлер; 6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер: учаскелiк гидротехниктер, гидроөлшегiштер, су техниктерi, қадағалаушылар, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету жөніндегі басқа да мамандар (сорғы станцияларының машинистерi, электриктер); 7) республикалық және жергілiктi маңызы бар, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар; 8) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi: шалғайдағы мал шаруашылығы фермаларының меңгерушiлерi, зоотехниктерi, ветеринарлары, табыншылары; табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен баздардың қарауылдары; 9) құбыр тарту көлiгiнiң қызметкерлерi: желiлiк тексерушілер; 10) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi: гидрометеостанциялардың бастықтары; техник-метеорологтар; техник-гидрологтар; техник-агрометеорологтар; гидрометеопосттардың байқаушылары; қар өлшеу бағыттарының қызметкерлерi; 11) балық шаруашылығының қызметкерлерi: балық жетекшiлерi; қарауылдар; тоған жұмысшылары; инкубация цехтарының жұмысшылары; сорғы станцияларының машинистерi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |