|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Шораұлы Сарыбайға түрік тарапымен келіссөздер жүргізуге және уағдаластыққа қол жетісімен қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген Келісімді жасасуға өкілеттік берілсін. 3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 396 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |