|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесiнде: 1) "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-9-жолмен толықтырылсын: "16-9. "Қазақстан жоғары мектебi" - Алматы қаласы". "Вестник высшей школы Казахстана" республикалық журналы" мен оның "Iзденiс" - "Поиск" гуманитарлық және жаратылыс тану ғылыми қосымшасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 2) "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-жолмен толықтырылсын: "38. "Алматы" әскери санаторийi" Алматы қаласы". республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |