|
|
|
2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Тізбеде көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер мүлік кешендері түрінде не оларды акционерлік қоғамдар етіп қайта құрғаннан кейін акцияларының мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге жатады деп белгіленсін. 3. Министрліктер мен агенттіктер заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) сатуға қойылатын акциялардың мемлекеттік пакеттерінің мөлшері көрсетіле отырып, алдын ала акционерлік қоғам етіп қайта құрылумен жекешелендірілетін объектілер Тізбесіне енгізілгендері бойынша; 2) мемлекеттік кәсіпорындар құрылған кезде заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда - олардың қызметтерін заңнамаға сәйкес келтіру көзделетін тиісті шешімдердің жобаларын енгізсін. 4. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерімен бірлесіп коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметіне талдау жүргізу, коммуналдық меншікте сақталатындардың оңтайлы санын және басқа да көрсетілген ұйымдардың түрлеріне қатысты заңнамада көзделген жекешелендіруге негізгі көзқарастарды айқындау ұсынылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 22.09.00 ж. № 1433; 16.10.00 ж. № 1538; 24.01.00 ж. № 124; 06.04.01 ж. № 454; 03.08.01 ж. № 1025; 11.10.01 ж. № 1313; 19.11.01 ж. № 1480; 19.01.02 ж. № 66 қаулыларымен тізбе өзгертілді 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі 7. "С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық Астана қаласы университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 8. "О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Жезқазған қаласы университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 9. "Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 10. "Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 11. "Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 12. "Қарағанды металлургия институты" Теміртау қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 13. "Рудный индустриалдық институты" Рудный қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 14. "Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік Алматы қаласы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 15. "Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 16. "Қазбілімжабдық" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 16-1. "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы 16-2. "Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы 16-3. "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы 16-4. "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Өскемен қаласы 16-5. "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Көкшетау қаласы 16-6. "Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы 16-7. "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шымкент қаласы 16-8. "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Арқалық қаласы 16-9. "Қазақстан жоғары мектебi" - "Вестник высшей школы Казахстана" республикалық журналы" мен оның "Iзденiс" - "Поиск" гуманитарлық және жаратылыс тану ғылыми қосымшасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі 17. "Стоматология" РҒКО" республикалық Алматы қаласы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 18. "Шығыстың және осы заманғы медицинаның Алматы қаласы Республикалық шаруашылық есептегі ғылыми- практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 19. "Дезинфекция" республикалық бірлестігі" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 20. "Стоматология" РҒКО" республикалық Алматы қаласы стоматологиялық емханасы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 21. "Қазагрополис" республикалық мемлекеттік Астана қаласы кәсіпорны Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 22. "Экономикалық зерттеулер институты" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі 23. "Бутаковка" оқу-спорт базасы" республикалық Алматы облысы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Медеу ауданы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 24. "Арнайы жобалау-конструкторлық және Алматы қаласы технологиялық бюросы тәжірибелік өндірісімен" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 25. "Қазжарылысөнеркәсіп" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 26. "Қазақстандық стандарттау, метрология және Астана қаласы сертификаттау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 27. "Қазсертико" мемлекеттік ғылыми-практикалық Астана қаласы орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 28. "Мемалкоорталық" алкогольді өнім Алматы қаласы өндірушілерді мемлекеттік тексеру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 29. "Стандарттау, метрология және сертификаттау Астана қаласы саласындағы біліктілік көтеру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 31. "Алматы биокомбинаты" республикалық Алматы қаласы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 32. "Алматы лазерлік технология жөніндегі Алматы қаласы инженерлік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 33. "Каспиймұнайгаз" Каспий ғылыми-зерттеу Атырау қаласы институты Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 36. "Ақпараттық-таныстыру орталығы" Астана қаласы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 37. "Өнеркәсіпбайланыс" республикалық Алматы қаласы мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 38. "Алматы" әскери санаторийi" Алматы қаласы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |