|
|
|
Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту ережесi бекітілсiн. 2. "Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 сәуірдегі № 591 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1672 қаулысымен бекiтілген Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi әрi салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтардан және акциздерден, импортталатын тауарларға қосылған құн салығынан басқа) төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртібін анықтайды. 2. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi. 3. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм қабылдау құзыретiне кiретiн органдар: ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-тармақша өзгертілді 1) республикалық бюджетке түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi; 2) толық көлемде жергілiктi бюджеттерге түсетiн салықтарды төлеу бойынша - жергiлiктi атқарушы органмен келісім бойынша салық төлеушiнi тiркеу есебiне алған жердегі салық органы. 2. Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртібі 4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде неғұрлым кеш, бiрақ күнтiзбелiк жылдың 10 айынан аспайтындай мерзiмге өзгертiлуi мүмкiн. Негiзделген өтiнiш деп салық төлеушiнiң салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса тiркей отырып, салықтарды төлеу мерзiмiн ауыстыру себебi баяндалған жазбаша өтiнiшi түсiнiледi. 5. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiм салық төлеушiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей қабылданады. 6. Салық төлеушi өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiледi: 1) Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi; 2) салық төлеушi бюджетке салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш беру күнiне дейiн 15 күннен ерте емес салық органы берген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйi туралы дербес есепшоттан өтiнiште көрсетiлген салықтар бойынша берешегi бар екендiгiн растайтын көшiрме; 3) кепiл шарты немесе банк кепiлдігі және салықтар мен өсiмдi бюджетке төлеу мерзiмдерiн белгiлейтiн әрi осы шарттардың ажырамас бөлiгi болып табылатын салық берешегiн өтеу кестесi; 4) салық төлеушi салықтарды бюджетке төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi беру кезiне кепiл мүлiктiң нарықтық құны туралы есеп. 7. Кепiл шарты салық төлеушi мен салық төлеушiнi тiркеу есебiне алған жер бойынша тиiстi салық органы арасында мынадай шарттарда жасалады: 1) кепiлге берiлетiн мүлiк өтiмдi болуға тиiс және оның нарықтық құны оны өндiрiп алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге тиiстi салық берешегi сомасынан аз болмауға тиiс. Салық төлеушiнiң мынадай мүлкi кепiл мәнi бола алмайды: энергияның электр, жылу және өзге де түрлерi; өзге мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн салынған заттар; тез бұзылатын шикiзат, тамақ өнiмдерi; мүліктiк құқықтар; 2) кепiлге беретiн мүлiк кепiл берушiде болады. Кепiлге берiлген мүлiктi қайта кепiлге салуға жол берiлмейдi; 3) заңнамалық кесiмдерде кепiл шартын мiндеттi мемлекеттік тiркеу көзделген жағдайларда салық төлеушi кепiл шарты жасалғаннан кейiн тиiстi тiркеушi органда оның тiркелуiн қамтамасыз етедi және салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау құзыретiне жататын органға табыс етедi; 4) кепiлге берiлетiн мүлiк өндiрiп алуға қойылған жағдайда, өткізу соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырылады. 8. Кепiлдiк берушi банк пен салық төлеушi арасында жасалған банк кепiлдiгi шартын, салық төлеушi, салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау құзыретiне жататын органға, егер тiркеу заңнамамен көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнде тiркелгеннен кейiн табыс етедi. Банк кепiлдiгi тұрақты болуы тиiс. 9. Салық төлеушi салық берешегiн өтеу кестесiне сәйкес салық берешегiн өтейдi. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм жобасын жергiлiктi атқарушы органмен келiсу 3 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi. Шешiм жобасын қарау қорытындысы бойынша келiсушi орган бiрiншi басшының не оны ауыстыратын адамның қол қоюымен жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн беруi тиiс: 1) жоба келісілдi (жобаға бұрыштама қойылады); 2) жобаны келiсуден бас тартылды (дәлелдi жауап қоса берiледi). 11. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiм мынадай мән-жайлар болған ретте шығарылуы тиiс: 1) кепiлге берiлетiн мүлiктiң нарықтық құны, өндiрiп алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге тиiстi салық берешегi сомасынан аз болуы; 2) осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың болмауы; 3) кепiл шарты немесе банк кепiлдiгi мазмұнының осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi; ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 4-тармақша өзгертілді 4) жергiлiктi атқарушы органның келісімi болмауы. 12. Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |