Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi (2014.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мүлкiн басқару жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық басқару құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауынан Комитеттiң қарауына берiлсiн. 4. ҚР Үкіметінің 2005.17.10 ж. № 1041 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 6. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң, олармен бiрге тұратын өздерiнiң отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ осы жүйенiң зейнеткерлерiнiң Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық қызмет көрсетудi алуына құқығы бар; 2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке қабылданатын азаматтар, сондай-ақ олардың қызметкерлерi қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кадр аппаратының жолдамасы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау үшiн iшкi істер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссияларында медициналық куәландырудан өтедi деп белгiленсiн. 8. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|