|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1124 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi (әрi қарай - Комитет) туралы ереже бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Комитеттiң аумақтық органдары мемлекеттік мекемелері құрылсын. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрi - Комитет) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдары мен медициналық өнеркәсiп бұйымдарының айналымы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Комитет, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды. 5. Комитеттiң және оның аумақтық органдарының штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде арналған кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негізгі мiндеттері, функциялары мен құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) дәрi-дәрмек құралдары айналымы, фармацевтика және медицина өнеркәсiбiнiң жұмыс iстеуi саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) халық пен емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру; 3) фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөніндегі шараларды анықтау; 4) өз құзыретi шегiнде дәрi-дәрмек құралдарының айналымы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. 11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) халық пен медициналық ұйымдарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 3) дәрi-дәрмек құралдары айналымы, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi саласындағы тұжырымдамаларды, фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту стратегияларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, даму жоспарларын әзiрлеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу, өз құзыретi шегiнде оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау; 4) дәрi-дәрмек құралдары айналымы саласында мониторинг ұйымдастыру; 5) негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрi-дәрмек құралдарының тiзбесiн анықтауға қатысу; 6) емдеу препараттарының бөлшек саудасын жүзеге асыратын дәрiхана ұйымдарында болуы үшiн мiндеттi олардың қажеттi минимумын анықтау; 7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен көрсетiлген заттар айналымы ережесiнiң сақталуына бақылау жүргiзу; 8) алкоголь өнiмдерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен этил спиртiн құрайтын дәрi-дәрмек құралдардың айналымына бақылау жүргiзу; 9) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы жаңа бұйымдар мен техниканы техникалық сынақтардан өткiзуге бақылауды жүзеге асыру; 10) дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын бақылау; 11) шығарылатын фармацевтикалық және медициналық өнiмдердiң сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 12) дәрi-дәрмек құралдарының айналымы саласындағы дәрiханалық, өндiрiстiк және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу; 13) отандық және импортталатын дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру; 14) заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметiн бақылау; 15) отандық және импортталатын дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу; 16) дәрi-дәрмек құралдарының Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу; 17) дәрi-дәрмек құралдарының фармакологиялық ықпалы мониторингiн ұйымдастыру; 18) дәрi-дәрмек құралдарының клиникаға дейiнгi, клиникалық және зертханалық сынақтары жөніндегі жұмыстарды үйлестiру; 19) дәрi дәрмек құралдарына арналған нормативтiк құжаттарды (фармакопеялық баптардың (ФБ), уақытша фармакопеялық баптардың (УФБ), өндiрушiнiң фармакопеялық баптарының (ӨФБ) жобаларын) әзiрлеуге қатысу, дәрi-дәрмек құралдарына өндiрiстiң технологиялық регламенттерiн келiсу; 20) өз құзыретi шегiнде дәрi-дәрмек құралдарының сапасын бақылау жөніндегі нұсқаулықтарды, әдiстемелiк нұсқауларды бекіту; 21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын дайындау және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бекітуге ұсыну; 22) дәрi-дәрмек құралдарын тiркеудi жүзеге асыру және медицина практикасында қолдануға рұқсаттар беру, дәрi-дәрмек құралдарының жарнамасына рұқсаттар беру; 23) дәрi-дәрмек құралдарын қамтамасыз ету, олардың бағасын қалыптастыру, рыноктағы өнiмдердiң түр-түрi мен көлемi, сапасы, мақсаты және пайдалану ұтымдылығы мәселелерi бойынша мониторингтi және социологиялық зерттеулердi ұйымдастыру; 24) дәрi-дәрмек құралдарының қол жетiмдiлiгiн, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша дәрiхана, фармацевтикалық және медициналық ұйымдарда жұмыс істейтiн мамандар үшiн семинарлар ұйымдастыру; 25) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 12. Негiзгi мiндеттердi іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге; 2) дәрi-дәрмек құралдары мен медицина техникасына салық салу мен баға қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға; 4) фармацевтикалық қызметке, дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгi мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 5) дәрi-дәрмек құралдары мен медицина техникасының тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасына сараптама жүргiзуге; 6) азаматтардың денсаулығын сақтау iсіндегі айрықша еңбегi үшiн медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынуға; 7) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге; 8) Комитеттiң жанынан консультативтiк-кеңесшi органдар құруға; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен оған билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол заңнамада белгiленген шекте мүлiкке билiк етедi. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет төрағасының орынбасары болады. Төрағаның орынбасарын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапкершiлiк жүктейдi. 18. Осы мақсаттарда Комитеттiң төрағасы: 1) Комитеттiң төрағасы орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң құрылатын аумақтық органдарының тiзбесi 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақмола облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақтөбе облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Жамбыл облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Павлодар облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Астана қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы. 13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Атырау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi. 14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi. 15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi. 16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Маңғыстау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |