|
|
|
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 10 сәуірдегі № 285 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі бiр ай мерзiмде өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 74 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары 1. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкасы алым төленетiн күнi қолданылатын жетi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. 2. Оның мемлекеттік тiркелгенiн растайтын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген ставканың елу пайызын құрайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |