Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегіагенттігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 2 қарашадағы № 344 бұйрығымен күші жойылды
Сала қызметкерлерін көтермелеу және Қазақстан Республикасында туризм дамуын ынталандыру мақсатында бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мынадай көтермелеу түрлері бекітілсін: «Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері» төс белгісі; «Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі; «Қазақстан Республикасының құрметті туризм нұсқаушысы» төс белгісі; Құрмет грамота; Алғыс. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің көтермелеу туралы Ереже бекітілсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне енеді. 4. Қаржы және экономика бөлімі (Г.С. Әлімбекова) белгілерді және осы көтермелеу түрлеріне сәйкес куәліктерді әзірлеу мен дайындау үшін қаражат бөлсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.С. Никитинскийге жүктелсін.
Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-1-2/327 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің көтермелеу туралы ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) көтермелеу туралы Ереже сала қызметкерлерін көтермелеу және Қазақстан Республикасында туризм дамуын ынталандыру мақсатында әзірленді. 2. «Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапаттау; «Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттау; Агенттіктің Құрмет грамотасымен марапаттау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|