Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - Мекемелер) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімияттарымен келісім бойынша Мекемелерді таратуды жүргізу жөніндегі тарату комиссияларын құрсын; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, мекемелерді таратудан кейін қалған мүлікті Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларына тапсыруды жүзеге асырсын. 3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 қаулысының 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 10, 74-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 наурыздағы № 272 қаулысына қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|