|
|
|
Атмосфералық ауаны қорғау туралы (2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Кодексімен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы (4 - 8 баптар) мемлекеттік басқару 3-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті (9 - 18 баптар) ұйымдастыру 4-тарау. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету көздерінің (19 - 20 баптар) мемлекеттік есебі 5-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау (21 - 25 баптар) 6-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың атмосфералық ауаны (26 - 27 баптар) қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері 7-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 30 баптар) Осы Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат жөніндегі азаматтар құқықтарын iске асыруға бағытталған.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті; 2) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету - атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертетін шудың, тербелістің, иондаушы сәуленің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуі; 3) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берілетін шекті нормативі - атмосфералық ауаға шу, тербеліс, электромагниттік және басқа да физикалық әсер ететін әрбір көз үшін белгіленетін және зиянды физикалық әсер ету атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейлерінің артуына әкеп соқпайтын норматив; 4) атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейі - атмосфералық ауаға физикалық ықпал ету нормативі, ол атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер жасалмайтын ең жоғары деңгейін көрсетеді; 5) атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуін болғызбауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; 6) атмосфералық ауаның ластануы - зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға түсуі немесе онда пайда болуы; 7) атмосфералық ауаның мониторингі - атмосфералық ауаның жай-күйін, оның ластануын бақылау жүйесі, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйіне, оның ластануына баға беру мен болжам жасау; 8) атмосфералық ауаның сапасы - атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық нормативтерге сәйкестігі дәрежесін көрсететін физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы; 9) атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануы - физикалық көзі толық немесе ішінара бір мемлекеттің ұлттық юрисдикциясындағы аумақтың шегінде орналасқан және теріс ықпалы басқа мемлекеттің юрисдикциясындағы аумақта байқалатын атмосфералық ауаның ластануы; 10) атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативі - атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын көрсететін және адамның денсаулығына зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі; 11) атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативі атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың ең көп құрамын көрсететін және қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі; 12) ауада зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті мөлшерде шоғырлануы - асып кетуі адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуге әкеп соғатын бір немесе бірнеше зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға әсер ету көрсеткіші; 13) жол берілетін шекті шығарынды нормативі - зиянды (ластаушы) заттың атмосфералық ауаға шығарылу нормативі, ол атмосфералық ауаны ластаудың жылжымалы және тұрақты көзі үшін сол көзде атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативтері, экологиялық жүйелерге түсетін жол берілетін шекті (қауіпті) ауыртпалық, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да экологиялық нормативтер сақталған жағдайда шығарындылардың үлестік нормативтері ескеріле отырып белгіленеді; 14) зиянды (ластаушы) зат - химиялық немесе биологиялық зат не атмосфералық ауаның құрамында болатын және жол берілетін шекті нормативтерден асып түсетін белгілі бір шоғырлану түрінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін сондай заттардың қоспасы; 15) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жер төңірегіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың қордалануына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар; 16) парник газдары - әрі табиғи тектес, әрі антропогенді тектес, инфрақызыл сәулені жұтатын және қайта сәулелендіретін газ тәрізді құрамдағы атмосфералар; 17) шығарынды - жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттың түсуі; 18) шығарындының үлестік нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар жүрісінің бір өлшеміне шаққанда атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарудың ең көп массасының нормативі, ол шығарындылардың жылжымалы, тұрақты көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін белгіленеді.
2-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты атмосфералық ауаны қорғау саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
4-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi Атмосфералық ауаны қорғау мынадай негiзгi принциптердi: 1) адамның, қазiргi және болашақ ұрпақтардың өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы; 2) атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшiн орны толмас зардаптарына жол бермеу; 3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және оған зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттік реттеу; 4) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және анықтығы; 5) атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi принциптерiн сақтау негiзінде жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-бап өзгерді (бұр. ред. қара) 5-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретiне: 1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру; 3) экономикалық ынталандыру жүйесiн қалыптастыру және атмосфералық ауаны ластайтын шығарындыларды азайтудың тетiгiн енгізу; 4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) 9) тармақша өзгертілді 9) атмосфералық ауаны қорғау саласында ақпарат берудiң және мемлекеттік статистиканы жүргiзудiң тәртібін белгiлеу; 10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды 12) техникалық регламенттерді бекіту жатады.
7-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының құзыретi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының құзыретiне: 1) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру; 3) атмосфералық ауаны қорғау саласында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингiн ұйымдастыру және оны жүргiзудi қамтамасыз ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 6) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 7) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайтуды экономикалық ынталандыру тетіктерін қолдануды ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 8) экологиялық ақпаратқа жол ашып беру және атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиiстi iс-шаралардың орындалуы туралы халыққа хабарлап отыру; 9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздердi мемлекеттік есепке алу тәртібін белгiлеу; 11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 13) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын нормалау жекелеген кәсiпорындар мен елдi мекендер үшiн шығарындыларды нормалаудың мерзiмдерiн белгiлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 14) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап 15) тармақшамен толықтырылды 15) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап 16) тармақшамен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 16) атмосфералық ауаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекіту ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды 17) техникалық регламенттерді әзірлеу жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара) 8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретi 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 1) атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-1) атмосфералық ауаның ластанғаны үшiн (аудандар мен қалалар бөлiнiсiнде) төлемдер ставкаларын, бiрақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен базалық ставкалардан төмен емес деңгейде, белгiлейдi; 2) жергiлiктi бюджеттер құрамында атмосфералық ауаны қорғау және сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекiтедi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттарын тыңдайды. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) атмосфералық ауаны ластауды азайту мақсатымен елдi мекендердегi көлiктер легiн реттейдi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 2) тиiстi аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ұйымдастырады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4) - 8) тармақшалармен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 4) экологиялық ақпаратқа жол ашады және атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиісті іс-шаралардың орындалуы туралы халықты хабардар етеді; 5) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады; 6) көлік немесе өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаруды азайту жөнінде шараларды жүзеге асырады; 7) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарымен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша атмосфералық ауаны ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарын бөледі; 8) желдің бағытын ескеріп және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерінде қала құрылысында атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын айқындап, реттейді.
3-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру
9-бап. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары және оны қорғау жөніндегі iс-шаралар 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Өздері үшін белгіленген шекті жол берілетін нормативтен асып кететін атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететін көздері бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. 2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс. 3. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады. 4. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
10-бап. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етудi экологиялық нормалау Химиялық, физикалық, биологиялық және радиациялық факторлардың адамдарға, жануарлар мен өсiмдiктерге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өзге де объектiлерге әсер етуiнің қауiпсiздiгiн және (немесе) зиянсыздығының өлшемдерiн анықтау мақсатында, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйiн бағалау мақсатында атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерi мен оған физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерi белгiленедi.
11-бап. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылу және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету нормативтерi 1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын мемлекеттік реттеу мақсатында шығарындылардың үлестiк нормативтерi және жол берiлетiн шектi шығарындылардың нормативтерi белгiленедi. 2. Шығарындылардың үлестiк нормативтерiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздердiң жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ атмосфералық ауаны ластау көздерi болып табылатын көлiк құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар үшiн атмосфералық ауаны қорғаудың технологиялық нормативтерiн әзiрлеу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттік органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлейдi. 3. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттік реттеу мақсатында атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi белгiленедi. 4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың нормативтерi және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, оларды анықтау әдiстерi және өздерi үшiн белгiленген көздердiң түрлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бекітіледi. 5. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6. Зиянды (ластаушы) заттарды мемлекеттік тiркеу, жол берiлетiн шығарындылар мөлшерiне берiлген рұқсаттарды тiркеу және нақты жасалған шығарындыларды тiркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
12-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар 1. Адамның денсаулығы мен тектiк қорына, қоршаған ортаға келтiрiлуi мүмкiн зиянның алдын алу мақсатында жаңа техникаға, технологияға, материалдарға, заттарға және атмосфералық ауаға зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да өнiмге арналған стандарттармен атмосфералық ауаны қорғау талаптары белгiленедi. 2. Егер жаңа техникаларды, технологияларды, материалдарды, заттарды және басқа да өнiмдi енгізу, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен басқа да техникалық құралдарды қолдану атмосфералық ауаны қорғаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарына сай келмесе, оларға тыйым салынады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының аумағында отын өндiру мен пайдалануға Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен жол берiледi. 4. Жағылған кезде тиiстi аумақта атмосфералық ауаның ластануына әкеп соғатын жекелеген отын түрлерiн пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және экономикалық жағынан негiзделген шектеу енгізуi, сондай-ақ отынның және басқа да энергия көздерiнің экологиялық қауiпсiз түрлерiн өндiру мен қолдануды ынталандыруы мүмкiн. 5. Адамның өмiрi, денсаулығы үшiн және қоршаған орта үшiн қауіптiлiк дәрежесi анықталмаған заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады. 6. Атмосфералық ауаның жай-күйiн өзгертуге бағытталған не оның жай-күйiн уақытша нашарлатуға әкеп соғатын кез келген уақытша iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы немесе оның аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен берген рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
14-бап. Шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау мен пайдалану кезіндегі атмосфералық ауаны қорғау талаптары 1. Шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау мен пайдалану кезiнде, сондай-ақ қалалық және өзге де қоныстарды салу кезiнде атмосфералық ауа сапасы нормативтерiнің экологиялық, санитариялық-гигиеналық, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс. 2. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау мен орналастыру кезiнде, сондай-ақ қалалық және өзге де қоныстарды салу мен реконструкциялау кезiнде атмосфералық ауа ластануының фондық деңгейi және оның сапасының өзгеру болжамы ескерiлуге тиiс. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Елдi мекендерде атмосфералық ауаны қорғау мақсатында шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнiң санитариялық-қорғаныш аймақтары белгiленедi. Мұндай санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 4. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жаңғырту және реконструкциялау жобаларында зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға шығарылуын шығарындының жол берiлетiн шектi нормативiне дейiн азайту және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес зарарсыздандыру жөніндегі iс-шаралар көзделуге тиiс. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге қызмет объектiлерiн орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келісіледi. 6. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын жүзеге асыратын жаңа және (немесе) реконструкцияланған шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн пайдалануға берген кезде шығарындылардың үлестiк нормативтерiн, жол берiлетiн шектi шығарындылардың нормативтерiн және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтау қамтамасыз етiлуге тиiс.
15-бап. Көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығару және пайдалану кезiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын реттеу
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |