Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысына Бағдарламалар әзірлеу процесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 275-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесінде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бағдарламалар, тек, егер онда баяндалған проблемаларды шешу тиісті мемлекеттік орган - әзірлеушінің құзыреті шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес жағдайда әзірленеді."; 1) тармақшадағы "салалық" деген сөзден кейін "(секторалдық)" деген сөзбен толықтырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) іске асыру мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді (2 жылға дейін) және орта мерзімді (3 жылға дейін);"; 1) тармақша алынып тасталсын; 3) тармақшада "стратегиялық" деген сөзден кейін "және индикативтік" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшадағы "(секторлық)" деген сөз "(секторалдық)" деген сөзбен ауыстырылсын; 7) тармақшаның екінші сөйлемі алынып тасталсын; 5-тармақтың 2) тармақшасында "салалық" деген сөзден кейін "(секторалдық)" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арналған, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларда көзделген шығыстардың жалпы көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштері шеңберінде айқындалады."; 6-тармақта "Экономика" деген сөзден кейін "және сауда" деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|