Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1204 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007.28.11. № 1139 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1204 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды реттеу жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1204 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі тоғыз ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мұнай операцияларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды реттеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 7 маусымдағы № 612 қаулысымен бекітілген Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу ережесi 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының (бұдан әрi - Жер қойнауы туралы жарлық) 63-бабының 1-тармағының 7)-9) тармақшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы заң күшi бap Жарлығының (бұдан әрi - Мұнай туралы жарлық) 41-бабының 6)-8) тармақшаларымен көзделген Мердiгерлердің міндеттемелерiн iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында әзiрлеу және мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, мыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу тәсілдерi мен шарттарын белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|