|
|
|
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереженi бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереже бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 маусымдағы № 655 қаулысымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже колония әкiмшiлiгiне оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда және материалдық-техникалық базасын нығайтуда көмек көрсету, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатын адамдарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерiн шешу үшiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанынан құрылатын Қамқоршылық кеңестiң (бұдан әрi Кеңес) қызмет тәртібiн айқындайды. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес заңды тұлға болып табылмайды. 4. Кеңестiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) колония әкiмшiлігіне оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда, мекеменiң материалдық-техникалық базасын нығайтуда көмек көрсету; 2) сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерiн шешуде көмек көрсету. 5. Кеңестiң негiзгi функциялары заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналар болып табылады: 1) сотталған және босатылатын адамдарға құқықтық, әлеуметтiк және психологиялық көмек көрсетуде жәрдемдесу; 2) сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда көмек көрсету; 3) түзеу мекемелерiне оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мақсатында оқу және әдiстемелiк материалдарымен қамтамасыз етуде жәрдемдесу; 4) Кеңестiң мiндеттерiне қол жеткізуге жәрдемдесетiн семинарлар, конференциялар және басқа да iс-шаралар өткізу; 5) босатылатын кәмелетке толмағандарға медеткерлiктi ұйымдастыру және оларға еңбекке және тұрмыстық орналасуда көмек көрсету; 6) тәрбие процесiне үкiметтiк емес қоғамдық және дiни ұйымдарды тарту; 7) қоғамды тәрбиелеу колониясының проблемалары мен мұқтаждары туралы хабардар ету; 8) сотталғандар арасында қолданбалы-көркем шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу; 9) қайырымдылық концерттер, кездесулер, лекциялар, спорттық, ағарту және мәдени iс-шаралар ұйымдастыру, тәрбиелеу колонияларының кiтапхана қорларын толықтыру; 10) заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыру. 6. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртіппен мыналарға құқығы бар: 1) қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарға тәрбиелеу колонияларына тәрбие процесiн ұйымдастыруда және материалдық-техникалық базасын нығайтуда көмек көрсету, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өтінiш жасауға; 2) тәрбиелеу колониясының әкiмшiлігіне, қылмыстық-атқару жүйесi басқармасы аумақтық органының басшылығына, өзге де ұйымдарға мекеменiң оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және материалдық-техникалық базасын нығайту, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерiн шешу жөнiнде ұсынымдық сипаттағы ұсыныстар енгiзуге; 3) өз құзыреті шегінде тәрбиелеу колонияларына баруға, оның қызметiмен танысуға, сотталғандармен кездесуге, олармен сабақ және әңгiме өткізуге; 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға. 5. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру 7. Кеңестiң құрамын Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармалары бекiтедi. Кеңес мүшелерiнiң саны адамдардың тақ санын құрауы тиiс. 8. Кеңес тәрбие колониясы қарамағында болатын облыстың Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасымен тұрақты байланыста болады. 9. Кеңес мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен және азаматтардан құрылады. 10. Кеңестiң барлық мүшелерi тең құқыққа ие. 12. Кеңес төрағасы, төрағасының орынбасары және хатшысы оның құрамынан ашық дауыспен 2 жыл мерзiмге келесi мерзiмге қайта сайлану құқығымен сайланады және оларды Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармалары бекiтедi. 13. Кеңес төрағасы, төрағасының орынбасары немесе хатшысы өз мiндеттерiн тиесiлi атқармаған жағдайда, Кеңес мүшелерiнiң үштен екiсiнiң бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын қайта сайлануы мүмкiн. 14. Төраға Кеңес қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылу барысына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 15. Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуi, оның кезекті отырысының күн тәртібiн қалыптастыруды және Кеңес хаттамаларының жобаларын дайындауды төрағаның тапсыруы бойынша оның орынбасары жүзеге асырады. 16. Кеңес отырыстары үшiн материалдар дайындауға, оларды Кеңес мүшелерiне таратуға және Кеңес жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көлемде iс қағаздарын жүргізуге бақылауды Кеңес хатшысы жүзеге асырады. 17. Кеңес оның мүшелерi қабылдаған Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармаларымен келісілген жоспарға сәйкес жұмыс iстейді. 18. Кеңес отырыстары қажеттiлiк шамасына қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиi болмай өткiзiледі. Кеңес отырыстарына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармаларының, сондай-ақ мүдделi ұйымдардың қызметкерлерi шақырылуы мүмкiн. 19. Кеңестiң кезектi отырысының күн тәртібiн, сондай-ақ оны өткізу орнын, уақытын, тәртібiн және мерзiмдерiн Кеңес төрағасы айқындайды. 20. Кеңестiң кезектен тыс отырысын төраға өз бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырады. 21. Кеңес отырысы, егер оның жұмысына Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады. 22. Кеңес шешiмдерi мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. 23. Кеңес хаттамаларына Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және олар отырыс өткізiлгеннен кейiн үш күн iшiнде Кеңес мүшелерiне, Кеңес қараған мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн мемлекеттік органдарға, тiзiмiн төраға айқындайтын өзге де ұйымдарға жiберiледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |