Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет ұйымдарын, темір жол "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес және Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдiктерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес білім беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер берiлсiн. 2. 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары мен темір жол станциялары қайта аталсын. 3. 3-қосымшаға сәйкес темір жол станцияларының орыс тіліндегi атауларының транскрипциясы өзгертiлсiн. 4. Алматы облысының Iле Алатауындағы атауы жоқ 3750 метрлiк биiктiкке "Хабар шыңы" атауы берiлсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 маусымдағы № 663 қаулысына 1-қосымша Көрнектi тарихи тұлғалардың, белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, әртiстердiң, спортшылардың, педагогтардың есiмдерi берiлетiн білім беру және мәдениет ұйымдарының тiзбесi Қарағанды облысы бойынша Ақтоғай ауданының Жаңаорталық орта мектебiне - халық әртiсi Манарбек Ержановтың есiмi; Қостанай облысы бойынша Қамысты ауданының Жайылма орта мектебiне - белгiлi педагог Жасыбай Құтмұхамедовтың есiмi; Сарыкөл ауданының орталық кiтапханасына - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген кiтапханашысы Нәзира Дәулетованың есiмi; Әулиекөл ауданының Новонежин орта мектебiне - Батыржан Кенжетаевтың есiмi; Павлодар облысы бойынша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|