|
|
|
Қазақстан Реснубликасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 29 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 2) Комитеттің құрылымы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 03.09.02 ж. № 962 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 48 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 2, 20-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі (Қаржыминi) туралы ережеде: 11-тармақтың 20) тармақшасында "жергілікті" деген сөздiң алдынан "республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 338 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 11-12, 125-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 22, 276-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 19 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қаржы бақылау комитеті (бұдан әрi - Комитет) республикалық және жергілiктi бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құзыретiнiң шегiнде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгіде бланкiлерi бар. Комитеттiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде бюджеттік шоттар мен шоттары болуы мүмкiн. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде әрекет етуге құқығы бар. 4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар тиiстi кесiмдер шығарады. 5. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33, Абай даңғылы, 52, Министрлiктер үйi. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесi. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттің қызметi тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Егер заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 9. Комитеттің негiзгi міндеттерi: республикалық бюджеттің атқарылуын ішкi бақылауды және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылаудың әдiснамасын және әдiстемесiн әзiрлеу. 10. Қойылған мiндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау саласында орталық мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерінің іс-әрекетін үйлестiредi; 2) орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімдiлігiн арттыру жөнінде ұсынымдар береді; 3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргiзудiң тиiстi кесiмдерiн, сондай-ақ хабардарлық үшiн тиiсті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілiкті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрi тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады; 5) объектiлер лауазымды адамдарының республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыстар белгiлерiн анықтаған жағдайларда бақылау материалдарын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактілерін құқық қорғау органдарына бередi; 6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктiлiгiн көтерудi және қайта даярлануын ұйымдастырады; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Міндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы: 1) мыналарды бақылауды жүзеге асыру: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы; республикалық бюджетке түсiмдер: шаруашылық серiктестіктеріндегі мемлекеттік үлестерге табыс, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар таза табысының үлестерi, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктердi сатудан алынған қаражаттар толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттік органдардың қызметі; Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша сатып алу-сату және республикалық мемлекеттік мүлікті жалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiнің тиiстi өтiнуi болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары (келісім-шарттары) бойынша мiндеттемелердiң орындалуы; республикалық бюджеттен берiлген бюджет қаражаттарының, оның iшінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы; республикалық бюджет, оның iшiнде мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлері алған қаражатты пайдаланудың тиiмдiлігі; республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептiлiгi; 2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептерiне баға беру; 3) бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиімділiгіне және орындылығына баға беру; 4) өздерi белгілеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiндiрмелер сұрау және алу; 5) орталық атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен жоспарлар, есептер және өзге де қажеттi ақпарат алу; 6) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдау; 7) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын тарту; 8) заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимiнiң сақталуын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерiне жататын құжаттамамен кедергiсiз танысу; 9) нормативтiк құқықтық базаны және бақылау жүргiзу әдiстемесiн жетiлдіру мәселелерi бойынша iс-шаралар әзiрлеу; 10) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттік органдарға мемлекеттік сыртқы немесе iшкi бақылау органдарының қызметкерлерiн акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кiргiзудi ұсыну; 11) шетел мемлекеттерiнiң мемлекеттік аудит пен бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды қолдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кіру; 12) бақылау нәтижелерi бойынша бақылау жүргiзу актілерін жасау және ұйымдар лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы жазбаша нұсқаманы жiберу; 13) бақылау жүргiзу барысында алынған құжаттардың куәландырылған көшiрмелерiн немесе тiзілімiн акт бойынша бақылау объектiлерiне қалдыра отырып, құқық қорғау органдарына бақылау жүргiзу актілерін берген кезде оларға құжаттардың түпнұсқасын қоса тiркеу; 14) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге шарттық негiзде және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен келісім бойынша тәуелсiз жеке аудиторлық ұйымдарды олардың көрсеткен қызметiне республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегiнде ақы төлей отырып, тарту; 15) құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттік органдардан оларға Комитет және оның аумақтық бөлiмшелерi берген бақылау жүргiзу материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат алу; 16) бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргiзу туралы қылмыстық қудалау органдары қаулыларының негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзу; 17) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолдану; 18) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерiне консультациялар беру; 19) бюджеттік заңнаманы қолдану практикасын талдауға және қорытуға қатысу, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау және өз құзыреті шегiнде тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу; 20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен құралады, оның құны мемлекеттік органның теңгерiмiнде көрсетіледі. 13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 15. Комитет және оның аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 16. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады. Төраға және оның орынбасарлары Комитеттiң басшылығын құрайды. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапты болады. Төраға осы мақсатта: 1) өзi орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгілейдi; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен құрылым мен штат санының лимитi шегiнде штат кестесiн бекiтедi; 3) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 4) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн ынталандырады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады; 6) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды; 7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкiлдiк етедi; 8) Қазақстан Республикасының Yкіметін тиiстi шаралар қабылдауы үшiн бақылау нәтижелерi туралы хабардар етедi; 9) бақылау жүргiзудiң кезеңдiлігін және ұзақтығын анықтайды; 10) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдардың басшыларын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 17. Төраға болмаған уақытта оның мiндетiн Төраға белгiлейтiн орынбасарларының бiрi атқарады, ол Комитеттiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Төраға жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады. 7. Қайта ұйымдастыру және тарату 18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң құрылымы Басшылық Ұйымдастыру және кадр жұмыстары басқармасы Әдiснама, жоспарлау, есептілік және талдау басқармасы Сараптау және iшкi бақылау басқармасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау басқармасы Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау басқармасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |