Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2001 жылғы 15 маусымдағы N РЕ/04178120437 келісім-шарт бойынша Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі үшiн "Рособоронэкспорт" федералдық мемлекеттік бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретiн арнайы мүлiктiң қосымшаға сай номенклатурада және санда Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Арнайы жүктердiң және әскери мақсаттағы өнiмдердiң тасымалы туралы 1995 жылғы 26 мамырдағы келісімге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, арнайы мүлiктiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлiгiмен транзиттiк тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы мүлiктiң транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 96 қаулысына қосымша 2001 жылғы 15 маусымдағы N РЕ/04178120437 келісім-шарт бойынша Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі үшiн "Рособоронэкспорт" федералдық мемлекеттік бiртұтас Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|