Ағаш пайдаланудың жеке мәселелерi Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысымен күші жойылды
Ормандарды сақтау, заңсыз кесудi азайту мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) 1. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң, тауарлардың экспорты мен тауарлардың реэкспортының кеден режимдерiне сәйкес қосымшаға орай ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын. ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасында ағаш материалдарын, кесiлген материалдарды және ағаштан жасалған жекелеген бұйымдарды экспорттауға тыйым салу енгiзiлгенi туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн белгiленген тәртiппен хабардар етсiн. 4. "Қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түрiндегi отындық сүректерiн экспорттауға тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 желтоқсандағы № 1571 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 535-құжат) күшi жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|