Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау ҚР Конституциялық Кеңесінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 5 қаулысымен осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп табылды Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат): 1) 15-бапта: он алтыншы абзацта "тыйым салып" деген сөздер ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға" деген сөздермен ауыстырылсын; он жетiншi абзацта "жағдайда" деген сөзден кейiн ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын; он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi абзацтар "тыйым салуға" деген сөздердiң алдынан ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Он алтыншы - жиырма бiрiншi абзацтарда көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды."; төртiншi бөлiк "ерекше жағдайларда" деген сөздерден кейiн "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|