Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтауережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2002 жылғы 14 тамыздағы № 896 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесi (бұдан әрi - Ереже) флагмандық тасымалдаушыны анықтаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгілейдi. 2. Конкурстық комиссия құру және конкурс ұйымдастыру тәртібі 2. Конкурс жолаушылар үшiн жоғары деңгейлi сервиспен тасымалдаудың қауiпсiз жағдайын қамтамасыз ететiн әуе тасымалдаушысын анықтау мақсатында өткiзіледi. 3. Флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау үшiн конкурс өткізудiң бастамашысы (ұйымдастырушысы) азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган болады. 4. Конкурсты өткізудi қамтамасыз ету және жеңiмпазды анықтау үшiн конкурстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады, оның құрамын уәкiлеттi орган анықтайды. Конкурстық комиссияның құрамына өзге де мүдделi мемлекеттік органдардың өкiлдерi кiруi мүмкiн. 5. Конкурстық комиссияның құрамына өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіруі мүмкін. 6. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және кемiнде бес адамды құрауы тиiс. 7. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурсты өткiзедi және жеңiмпаздарды анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|