Сот үкімі туралы (2010.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Сот үкімі - қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрі заңды және негізді болуға тиіс. Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Мұның өзі үкімдердің өзгертілуіне және бұзылуына әкеп соғуда. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасын жинақтаудың нәтижелерін талқылай келе, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің сапасын жақсарту мақсатында қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 17 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Заң бойынша үкім - Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі Конституция) 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі ҚІЖК) 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып, сотталушыға қатысты оның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі, қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады. Үкімді бұлжытпай орындау ешқандай ерекшеліксіз барлық мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға міндетті болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|