2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Бұрынғы редакцияларды қара
12.06.03 ж. № 438-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) түсімдер - 710173753 мың теңге, оның ішінде: кірістер - 638101094 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 57629991 мың теңге; кредиттерді қайтару - 14442668 мың теңге; 2) шығыстар - 793013753 мың теңге, оның ішінде: шығындар - 751992137 мың теңге; кредиттер - 41021616 мың теңге; 3) тапшылық - 82840000 мың теңге, яғни елдің жалпы ішкі өнімінің болжамды көлемінің 1,9 проценті. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 12.06.03 ж. № 438-II ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төлейтін 4235000 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіледі, оның: 492800 мың теңгесі ақшалай түседі; 3742200 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 045 «Әскери полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарды іске асыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады. 12.06.03 ж. № 438-II ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін түсімдер: 17710000 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы; 1999 жыл үшін 10010000 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы бойынша берешек көзделсін. 4-бап. 2003 жылы «Өнімдерді бөлу туралы» келісімшарттар бойынша алынатын Қазақстан Республикасының өнімдерді бөлу жөніндегі үлесі 100 процент мөлшерінде республикалық бюджетке есептеледі деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|