Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшін Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетiлген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерін пайдалану және мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары;"; сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "уларды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою."; Электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында: тақырыбы "таратуды" деген сөзден кейін ", электр станцияларын, электр желiлерi мен кіші станцияларды пайдалануды" деген сөздермен толықтырылсын; Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндiрiсiн, арналы газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн жобалауды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын біліктiлiк талаптарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|