Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта (2006.10.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен күші жойылды
Келісілді: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2003 ж. 20 қаңтар
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы Ереже бекітілсін. 2. Бюджет, жоспарлау және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді заңнамамен белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі № 649 бұйрығының күші жойылсын. 4. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Министр Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 848 бұйрығымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі. 2. Педагогикалық қызметкерлер арасындағы оқу жүктемесі тиісті білім беру ұйымының оқу жоспары бойынша сағаттар санына, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуіне және өзге де нақты жағдайларына қарай бөлінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|