|
|
|
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Халықаралық
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 691 Қаулысымен күші жойылды
Дене шынықтыру және спорт саласындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң интеграциясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң және Спорт ұйымдары халықаралық конфедерациясының 2003 жылғы 26-30 маусымда Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Халықаралық спорт ойындарын (бұдан әрi - Халықаралық ойындар) өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қоса берiлiп отырған Халықаралық ойындарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Астана қаласының әкiмдiгiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп, Нашақорлыққа қарсы күрестiң халықаралық күнiне орайластырылған Халықаралық ойындардың салтанатты ашылуының мәдени-спорттық мерекесiн өткiзсiн. 4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Халықаралық ойындарға қатысушылардың тұратын және жарыстар өтетiн жерлерiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық ойындарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын. 6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетiмен бiрлесiп, Халықаралық ойындарға қатысушыларға арналған мәдени бағдарламаны ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн және оның дайындығы мен өту барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Халықаралық ойындарға қатысушыларды тасымалдауға жәрдем көрсетсiн. 8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi ұсынған тiзiм бойынша Халықаралық ойындарға қатысушылардың және ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн. 9. Халықаралық ойындарды дайындау мен өткізу жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру 2003 жылға арналған республикалық бюджетте бұл iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi мемлекеттік мекемелерге-бағдарламалардың әкiмшілерiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылсын. 10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 20 ақпандағы № 180 қаулысымен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Халықаралық спорт ойындарын дайындау мен өткізу жөнiндегі ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм Дәулет Болатұлы және спорт жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары Рогатин - Спорт ұйымдары халықаралық Борис Николаевич конфедерациясының президентi, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Әбенов - Қазақстан Республикасы Сұлтан Мұрашұлы Премьер-Министрінің кеңесшiсi Айдарханов - Қазақстан Республикасының Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау вице-министрi Әлiмбекова - Қазақстан Республикасының Гүлнар Смәдiлқызы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi қаржы-экономика бөлiмiнiң бастығы Байболов - Қазақстан Республикасының Болат Әбiлхақұлы Әдiлет министрлігі Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетiнiң төрағасы Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Нұралы Сұлтанұлы Білiм және ғылым вице-министрi Борщевский - ТМД Атқару комитетi Сергей Ефимович Гуманитарлық ынтымақтастық департаментiнiң директоры (келісім бойынша) Ефименко - Спорт ұйымдары халықаралық Анатолий Нестерович конфедерациясының бiрiншi вице-президентi (келісім бойынша) Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Бақытжан Tұpcынұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Зәкiриянов - Қазақ спорт және туризм Қайрат Қайроллаұлы академиясының президентi (келісім бойынша) Қанағатов - Қазақстан Республикасының Елсияр Баймұхаметұлы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Құралов - Кәсiподақтардың "Қазақстан" Өтепқали Нысанғалиұлы дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесiнiң төрағасы (келісім бойынша) Қуанышев - Қазақстан Республикасының Дулат Оразбекұлы Сыртқы iстер вице-министрi Козлов - ТМД Атқару комитетi Александр Сергеевич Гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің кеңесшiсі (келісім бойынша) Мұхаметжанов - Астана қаласы әкімiнiң Төлеген Мұхаметжанұлы орынбасары Пасько - ТМД Атқару комитетi Игорь Петрович Гуманитарлық ынтымақтастық және экологиялық қауiпсiздiк департаментi директорының орынбасары (келісім бойынша) Пшенко - ТМД-ға қатысушы Константин Андреевич мемлекеттердiң Парламентаралық Ассамблеясы Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комитетiнiң жауапты хатшысы (келісім бойынша) Разложко - Спорт ұйымдары халықаралық Василий Степанович конфедерациясы спорттық бағдарламаларының жетекшiсi (келісім бойынша) Лавриненко - Қазақстан Республикасының Юрий Иванович Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi Иван Иванович iстер вице-министрi Рябченко - Қазақстан Республикасының Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бiрiншi вице-министрi Өтеулина - Қазақстан Республикасы Хафиза Мұхтарқызы Премьер-Министрінің кеңесшiсi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |