2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 602, 603, 604, 605, 606-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 602-қосымша Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған Паспорты 1. Құны: 68760 мың теңге (алпыс сегiз миллион жетi жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi № 453-I Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппаратына жүктелген функциялардың неғұрлым тиiмдi орындалуына қол жеткiзy үшiн оның қызметiн қамтамасыз ету. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|