|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 646, 647, 648, 649, 650, 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 646 қосымша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 41472 мың теңге (қырық бiр миллион төрт жүз жетпiс екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 21-25-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 , "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлықтары, "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 және "Штат саны лимитiн бекіту туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оларға жүктелген мiндеттердiң ең жоғары тиімділiкте орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратын ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiне жүктелген мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 647 қосымша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 007 "Орта кәсiптiк білімi бар мамандарды даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 76539 мың теңге (жетпiс алты миллион бес жүз отыз тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 24, 43 және 44-баптары, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Заңы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 , "Қазақстан спортшыларын кезектi 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити қаласындағы (АҚШ) XIX қысқы және 2004 жылғы Афины қаласындағы (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қоғамның дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсiптiк білімi бар мамандарды даярлау жөніндегі әлеуметтiк-экономикалық талаптарын қанағаттандыpу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласында жалпы республикалық мәнi мен стратегиялық маңызы бар мамандар даярлауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсiптiк білімi бар біліктi мамандарды даярлау. Ұлттық құрама командаларды халықаралық дәрежедегi спорт шеберлерiмен толықтыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 648 қосымша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 010 "Кадрлардың біліктілігiн арттыру мен қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 250 мың теңге (екi жүз елу мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3-бабы, "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi мен білiктілігiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қазiргi заманғы экономикалық жағдайлар мен мемлекеттік ресурстардың мүмкiндiгiне сәйкес кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметкерлердi сапалы оқытудың жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолдары арқылы мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiптiк деңгейiн арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 649 қосымша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 030 "Мемлекеттік сыйлық" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 192 мың теңге (бip жүз тоқсан екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жазушы Сейдахмет Бердiқұловты мәңгiлiк есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты насихаттау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздiк жарияланымдары үшiн журналистерді ынталандыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: спорт және дене шынықтыру, халық арасында бұқаралық спортты дамытудың деңгейi, халық арасында бұқаралық спортты және жоғары жетiстіктер спортын дамыту туралы мақалалар жариялау үшiн журналистердiң қызығушылығын арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 650 қосымша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 031 "Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 256404 мың теңге (екi жүз елу алты миллион төрт жүз төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18 және 24-баптары, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, "Спортта дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнің өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 16 қыркүйектегi № 1125 , "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 , "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әрбiр оқушының жеке қабiлетiн дамыту, оларға таңдаған спорт түрiмен шұғылдануы үшiн қолайлы жағдай жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: спортта дарынды балаларды оқыту және әрбiр оқушының табиғи қабiлетiн жан-жақты дамыту, оқу-жаттығу сабақтарын жыл бойы толық көлемiнде өткізу, қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалар санына үмiткер спортшылардың резервiн даярлау және олардың алда тұрған Қазақстан Республикасының бiрiншiлiктерi мен Азия, Әлем чемпионаттарына және басқа халықаралық жарыстарға қатысуы. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жоғары дәрежелi спортшыларды шығару, республиканың ұлттық құрама командаларына мүшелiкке үмiткерлердi, сондай-ақ спорт шеберлерi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 651 қосымша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 150ф қаулысымен 651-қосымша өзгертілді 032 "Жоғары жетiстiктер спорты" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1477490 мың теңге (бiр миллиард төрт жүз жетпiс жетi миллион төрт жүз тоқсан мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 жарлығы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 , "Қазақстан спортшыларын кезектi 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити қаласындағы (AҚШ) XIX қысқы және 2004 жылғы Афины қаласындағы (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 , "Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының Президенттiк сынақтары туралы" 1996 жылғы 24 маусымдағы № 776 , "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында Қазақстан Республикасының беделiн нығайту, Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ұлттық құрама командаларды Азия, әлем чемпионаттарына, Олимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға сапалы даярлауды қамтамасыз ету; республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу және ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстарға қатысуы, Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларын ұстау; халық арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |