|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 497, 498, 499, 500, 501, 502, 503, 504, 505, 506, 507, 508, 509, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 518, 519, 520, 521, 522, 523, 524, 525-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 497-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 497-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi 2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 310064 мың теңге (үш жүз он миллион алпыс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталынатын органдары қызметкерлерiнің жалақысын төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің орталық аппаратының және оның аумақтық бөлiмшелердiң қызметін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің орталық аппаратын, ведомстваларын және олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және дер кезiнде орындау. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 498-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi 2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың біліктілігiн арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1193 мың (бiр миллион жүз тоқсан үш мың) теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқарулары және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн олардың кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлімдерін, икемдiлiктерi мен бейiмдiлiктерiн жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметкерлердiң мамандық біліктілігiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: қазiргi экономикалық жағдайларға және мемлекеттің ресурстық мүмкiндiктерiне сәйкес кәсiпқой мемлекеттік қызмет талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметкерлердi сапалы оқытудың сындарлы жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолымен мемлекеттік қызметкерлердің кәсiби деңгейiн арттыру. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 499-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi 2003 жылға арналған 030 "Энергетика және мұнай өндiрiсi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 5000 мың (бec миллион) теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанды 2030 жылға дейiнгi дамыту стратегиясын iске асыру шаралары туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күші бар Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: газ бен газ конденсатын өндiру процестерiнің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; бiрқатар ингибиторлардың көмегiмен металдарды жалпы таттанудан тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: көмiрсутегi коррозиясының ингибиторларын алу химиялық реагенттерге сынақтар жүргізу мен оларды пайдалану әдiстемесiн жасау және Ембi аймағының кен орындарын ашқанға дейiнгi жобаларды физика-химиялық қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: екi ғылыми-зерттеушiлiк жұмысты орындау. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 500-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi 2003 жылға арналған 032 "Қарағанды көмiр бассейнінің шахталарын жабу" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 533499 мың (бec жүз отыз үш миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың) теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдингтiк компанияның құрылымын қайта ұйымдастыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 1 қарашадағы № 1415 қаулысы; "Қарағанды көмiр бассейнiнiң тиiмсiз шахталарын одан әрi жабу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегi № 1479 қаулысы; 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын жабу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын тарату жөніндегі техникалық iс-шараларды орындау.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 1) № 1 "Арман" ЖШС шахтасында тарату жұмыстарын жалғастыру; 2) "Қарағандыкөмiр" АҮАҚ № 1, 2, 3 шахталарында тарату жұмыстарын жалғастыру; 3) "Абай Көмiр LTD" ЖШС шахтасында тарату жұмыстарын жүргiзу; 4) Метан" бағдарламасын орындау: таратылған шахталардан газды шығару тәсiлдерi мен құралдарын әзiрлеу; газдың жиналу және оның дренаждық шахталар арқылы бөлiну процестерiн реттеу әдiстерiн әзiрлеу; жұмыс iстелiнген кеңiстiктерден (ұңғымаларды бұрғылау) газ бөлiнiсiне су деңгейiнің әсерiн анықтау мақсатында таратылған шахталарда су жинақталу процесін зерделеу; оқшаулау жұмыстарының, өтелiнген, өтелiнетiн тау-кен өндiрiмдерiн қойнауқаттарды жер үстiне шығару орындарында оларды ашық тәсiлмен істеу кезiнде жұмыс iстелiнген кеңiстiктен жер үстiне метан эмиссиясын азайту мақсатында технологияларды әзiрлеу. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 501-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi 2003 жылға арналған 033 "Амангелдi газ кен орындары топтарын игеру" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 28000000 мың (екi миллиард сегiз жүз миллион) теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан әрi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығының 6.1-тармағы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: газ қорын анықтау және Амангелдi кен орнын пайдалануға беру арқылы өнеркәсiп кәсiпорындарын және Қазақстан Республикасының оңтүстiк аймағының халқын газбен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Амангелдi тобының газ кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсіптік игеру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: 1) газды кешендi дайындауды орнатудың технологиялық жабдықтарын жобалау; 2) екi ұңғыманы бұрғылау және сынау бойынша жұмыс кешенiн аяқтау; 3) 90 км магистралды газ өткiзгiш құрылысын аяқтау; 4) Амангелдi газ кен орындары тобын әзiрлеу үшiн жеке инвестицияларды тарту; 5) жеке инвестицияларды тартумен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес газды кешендi дайындау мен газ жинақтау жүйесiн орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемiн орындау; 6) жеке инвестицияларды тартумен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылымдар объектiлерiнің құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемiн орындау. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 502-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi 2003 жылға арналған 037 "Уран кеніштерiн консервациялау және жою, техногендiк қалдықтарды көму" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 439 200 мың (төрт жүз отыз тоғыз миллион екi жүз мың) теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық базасы: Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығының 1.2-бөлiмi; "Уранкеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1311 қаулысы; "Уран өндiрушi кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын әзiрлеу салдарын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шiлдедегi № 1006 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: таратылатын уран өндiрушi кәсiпорындар аудандарындағы халық пен қоршаған ортаның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, пайдаланылған ампульдық иондаушы сәулелену көздерiнен радиациялық сәуле алуды болдырмау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: уран кенiштерiн консервациялау және жою, бағдарлама аумағын белгiлеу және кенiштердiң өнеркәсiптiк алаңдарында орналасқан техногендiк уран қалдықтарын көму, өңделген ампульдық иондаушы сәулелену көздерiн көму. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |