|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 584, 585, 586, 587, 588, 589, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 584-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 584-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" 001 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 639696 мың теңге (алты жүз отыз тоғыз миллион алты жүз тоқсан алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы; "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдары қызметiнiң өздерiне жүктелген функцияларды барынша ұтымды орындауына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарын ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi мен аумақтық органдарға жүктелген функцияларды сапалы және мерзімiнде орындау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 585-қосымша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" 009 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 112411 мың теңге (бip жүз он екi миллион төрт жүз он бiр мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне бiрыңғай еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 жарлығы; "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 17.01 "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша жоғары кәсiптiк білiм берудiң мемлекеттік стандартына сәйкес біліктi кадрлар даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 17.01 "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша инженерлер даярлау. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: жылдық орташа есеппен - 440 тыңдаушыны оқыту, "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша - 63 жоғары білімдi маманды бiтiргiзiп шығару. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 586-қосымша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кадрлардың біліктілiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 9 049 мың теңге (тоғыз миллион қырық тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнің органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерінің шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы, Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара iс-қимыл туралы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы келісімi. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттен бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мамандар мен қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн көтеру, азаматтық қорғаныс әскерлерi үшiн біліктi офицер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесi үшiн біліктiлiгi жоғары мамандар даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: басшы құрамның, сондай-ақ елiмiздiң азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа ұйымдардың мамандарының біліктiлiгiн арттыру, даярлау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында 1450 тыңдаушының білімi мен дағдысының деңгейiн көтеру, олардың ғылым мен жаңа техниканың жетiстiктерiн меңгеруi. 2003 жылғы жоспар бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар саласында 7 біліктi маманның бiтiрiп шығуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 587-қосымша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" 031 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 380 300 мың теңге (үш жүз сексен миллион үш жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылар мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгіне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі 482 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Кәсіптiк авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары құтқарушыларының еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн еңбек стажын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерiнiң шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 қаулысы, "28237, 52859, 68303 әскер бөлiмдерiнің Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының штабына бағыныстылығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 шiлдедегi № 1037 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 13 ақпандағы № 40 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектiлерi және аумақтарын қорғау, төтенше жағдайларға дер мезгілiнде мән беру, төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды қабылдау және өңдеу, төтенше жағдайларды жоюға тұрақты дайындықтағы авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын ұдайы және үзіліссiз басқаруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың iс-қимылдарына жоғары дайындықты қамтамасыз ету, дереу мән беру, авариялық-құтқару қызметтерiнiң апат болған аудандарға және алға қойылған әскери мiндеттердi орындайтын аудандарға уақытында жетуi, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде iздестiру-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жедел жүргiзу, баруы қиын аудандарда, қауiптiлiгi жоғары объектiлерде құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, табиғи апаттардың, авариялардың және апаттардың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету, байланыстың радиомобильдi, радиотелефонды, транктивтi, спутниктiк құралдарымен төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдап алу, алынған ақпараттарды жедел өңдеу, авариялық-құтқару күштері мен құралдарын басқару пунктінде жедел қызметкерлердiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мемлекеттік басқару органдарымен үзіліссiз және тиiмдi байланысты қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға республикалық жедел-құтқару жасағының, әскери бөлiмдердiң, аэромобильдi аймақтық жедел-құтқару жасағының тұрақты дайындығын әрдайым қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды уақытында және сапалы өңдеу, төтенше жағдайларды жоюға тұрақты дайындықтағы авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын ұдайы және үзіліссiз басқаруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 588-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 588-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Селден қорғау объектiлерiн пайдалану" 032 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 249243 мың теңге (екi жүз қырық тоғыз миллион екi жүз қырық үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық-негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң органдары мен ведомстволық ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдарының шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |