Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық (ҚР Бас прокурорының 19.05.04 ж. № 29 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Бас прокурорының 2006.27.06. № 37 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара Азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін жоғарылату мақсатында "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18 және 30-б.б. басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы ұсынылып отырған Нұсқау бекітілсін. 2. Осы бұйрық пен Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті шаралар қабылдасын. 3. Бұйрық әскери прокурорға, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылғы 28 тамыздағы № 45, 2002 жылғы 30 мамырдағы № 26 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бас Прокурорының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 76 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы НҰСҚАУ 1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне, "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін өзге заң актілеріне сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|