|
|
|
Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн қызметтерінің тізбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
«Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығын қараңыз
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекiтілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 ақпандағы № 193 қаулысымен бекітілген Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн қызметтерiнің тiзбесi 1. Теңiз портының күшiмен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсiру жұмыстары. 2. Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және/немесе өзге де мақсаттарда кiруi үшiн қызметтер (кеме кiрiсi): 1) корабельдік - кемеге теңiз портына кiрудi және одан шығуды ұсыну; 2) маяктік - кеменің порт айдынына кiруi кезiнде навигация және порт байланысы құралдарымен навигациялық қызметтер ұсыну; 3) арнамен өткен үшiн - кеменің айлаққа өтуi үшiн арнаны ұсыну; 4) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүктік және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну; 5) зәкiрлік - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну; 6) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегіштер жұмысы; 7) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау; 8) карантиндiк - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қамтамасыз ету бойынша теңiз портының қызметтер көрсетуі; карантиндік жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсыну; теңіз порты аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстау; көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшiмен кемiргіштер мен жәндiктердi алдын-ала жою.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |